Израиль парламенті тарайды

Израиль парламенті тарайды

24.kz

Израиль парламенті өзін-өзі тарату туралы заңды қабылдап, мерзімінен бұрын сайлауды 9 сәуірге бекітті.Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Ал Биньямин Нетаньяхудың үкіметі жаңа министрлер кабинеті жасақталғанша жұмысын жалғастырады. Алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша сайлауда билеуші коалиция құрамына кіретін «Ликуд» партиясы жеңіске жетуі мүмкін.Айта кетейік, парламенттің тарауына діншілдерді армияға шақыру туралы заң жобасы төңірегіндегі пікірталастар себеп болған. Жоспар бойынша парламенттік сайлау 2019 жылдың қараша айында өтуі тиіс еді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: