ШҚО-да құстар қырылып жатыр

ШҚО-да құстар қырылып жатыр

24.kz

Зырян ауданындағы бірнеше ауылда көгершіндер мен қарғалардың өліп жатқанын сол жердегі тұрғындардың бірі бейнетаспаға түсіріп алған.Кейбірі  шалажансар күйде жүр. Мән-жайды анықтау үшін құстардың бірнешеуі зертханаға тапсырылды. Дегенмен бұған қатты аяз себепші болуы мүмкін. Өйткені Зырянда -35,-39 градус суық.Ал өскемендіктер құстарға белсене көмектесіп, жем шашып жүр. Осылайша өзгелерді де қайырымдылыққа шақыруда. Тіпті қаладағы дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері Эльмира Омарбекова қазір өзінің кабинетінде көгершін ұстап отыр. Қыстың суығы бүріп тастаған бұл қанаттыны ол үсуге шақ қалған жерінен байқап, кіргізіп алыпты. Енді жем-су беріп қамқорлық көрсетуде.Эльмира Омарбекова, Меновно

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: