Назарбаев пен Мирзиёев бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Назарбаев пен Мирзиёев бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

kaz.nur.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.
Сондай-ақ, көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: