Мәскеу метросының ескі белгілері саудаға шығарылды

Мәскеу метросының ескі белгілері саудаға шығарылды

24.kz

Мәскеу метрополитені жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарына үйреншікті ескі белгілерді сатуға қойды.Олардың арасында «өткелден өту түнгі сағат 1-де тоқтайды», «Полиция», «қалаға шығу» секілді тақтайшалар бар. Бір белгінің құны 1 жарым мың рубльден 10 мың рубльге дейін жетеді. Осыған қарамастан ескі көрсеткіштердің алғашқы бөлігі бірнеше сағаттың ішінде-ақ сатылып кетті.Айта кетейік, Мәскеу метросы 1935 жылы ашылған. Ол кезде шаһарда 13 станция ғана жұмыс істесе қазір олардың саны 222. Ал жерасты жолының ұзындығы 400 шақырымнан асады.

Поделитесь новостью:

Читайте также: