Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 28 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сүйенсек, Қарағанды мен Теміртау қалаларында атмосфераның ластануы күтіледі. Сондай-ақ ауа сапасының нашарлауы Өскемен қаласында сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: