Ресейде «Авангард» зымырандық кешені сыналды

Ресейде «Авангард» зымырандық кешені сыналды

24.kz

Ресейдің Қорғаныс министрлігі «Авангард» зымырандық кешенін сынақтан өткізді.Бұл туралы президент Владимир Путин федералдық жиынға арнаған жолдауында мәлімдеді. Зымыран Орынбор облысындағы Домбаровский ауданынан ұшырылып, 6 мыңнан астам шақырым жерде орналасқан Камчаткідегі нысанды атып түсірді. Сынақты бақылаған Президент Путиннің айтуынша, келесі жылы осы бірегей қарумен жарақталған жаңа полк құрылады.Еске сала кетейік, Президент Путин «Авангард» зымырандық кешені туралы наурыз айында мәлімдеген. Ол кезде Ресей басшысы бұл қарудың әлемнің кез келген нүктесіне жете алатынын да айтқан еді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: