Ақтауда 20 жастағы студент коворкинг орталығын ашты

Ақтауда 20 жастағы студент коворкинг орталығын ашты

24.kz

Ақтаулық студент аймақ жастары үшін коворкинг орталығын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».Онда кез келген маңғыстаулық өрен тың идеясын жүзеге асыра алады. 20 жастағы Мұқаш Бекенұлының өзі аз уақытта 4 бірдей әлеуметтік жобаға мұрындық болған. Мәселен нәзік жандыларға қатысты әлеуметтік мәселені талдап, шешімін табуға бағытталған «Қыз жолы» жобасы 100-ге жуық қыз балаға қол ұшын берген. Электрондық поштаға күніне онға тарта хат келеді екен. Іріктеліп, аптасына екі рет оқырманға жарияланады. Қыздар арасындағы төбелес, ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау сынды өзекті сауалдар жастармен кездесуде талқыланады. Бастамашыл студент келер жылы жетім және тұрмысы төмен отбасы балаларына кәсіпкерлік нег

Поделитесь новостью:

Читайте также: