Түркиялық полицей көлге түсіп кеткен күшікті құтқарып алды

Түркиялық полицей көлге түсіп кеткен күшікті құтқарып алды

24.kz

Түркияда Бурак Октен есімді полицей мұздай көлге түсіп, өлім алдында тұрған күшікті құтқарып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».Оқиға елдің Ван провинциясында болды. Қалай екені белгісіз, кішкентай салпан құлақ беті қатқан көлдің үстімен жүріп, мұздай суға түсіп кеткен. Жағаға шығуға талпынып жатқан күшікті көрген Октан жалма-жан көмекке ұмтылады. Бірақ полицейге күшікке жету үшін мұздарды қолымен жаруына тура келді. Сөйтіп біршама уақыттан кейін Октан күшікті жағаға аман-есен алып шығады. «Жануарды қарап шыққан мамандар қатты тоңып қалғанмен, көп ұзамай сауығып кетеді», - дейді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: