Индонезияда жанартаудың атқылауынан әуе рейстерінің бағыты өзгертілді

Индонезияда жанартаудың атқылауынан әуе рейстерінің бағыты өзгертілді

24.kz

Индонезия билігі Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан осы өңірдегі ұшақ рейстері бағыттарын өзгертті, деп хабарлайды «Хабар 24».Қазір бұл аймақ аса қауіпті. Жанартаудан атқылаған күл 10 мың шақырым биіктікке жетуде.Еске сала кетейік, өткен аптада Кракатаудың күл мен шоқ атқылауынан Зонд бұғазы жағалауына цунами соғып, көптеген елді мекенді тас-талқан етті. Соңғы мәліметке қарағанда, табиғат апатынан қаза тапқандар саны 420-дан асты. Тағы 1500-ге жуық тұрғын жарақат алды. 16 мың адам баспанасын тастап қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Ал сарапшылар Индонезияда тағы да цунами соғады деп болжап отыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: