Вашингтон Huawei мен ZTE құралдарын сатып алуға тыйым салмақшы

Вашингтон Huawei мен ZTE құралдарын сатып алуға тыйым салмақшы

24.kz

Президент Дональд Трамп америкалық компанияларға қытайлық Huawei және ZTE бірлестігінің құрал-жабдықтарын қолдануға тыйым салмақшы, деп хабарлайды «Хабар 24».Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабаралады. Вашингтонның пайымынша, бұл екі компания Қытай үкіметіне жұмыс істеп, олардың құралдары тыҢшылыққа пайдаланылуда. Ақ үй басшысының осы мәселеге қатысты жарлығы алдағы қаңтар айында жариялануы мүмкін. Бірақ құжатта олар тек «елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін бірлестіктер» деп көрсетілмек. Алайда қытайлық компаниялар мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ бұған дейін екі бірлестік те тыңшылыққа қатысты айыптардың бәрін жоққа шығарған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: