Ақмолада екі адам үйімен бірге жанып кетті

Ақмолада екі адам үйімен бірге жанып кетті

inform.kz

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмолада ересек екі адам үйімен бірге жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқиға өткен түні Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында орын алған. Бұл туралы аудандық ТЖБ кезекшілік бөліміне түнгі сағат 01:23 жедел ақпарат түсті. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында 1961 жылғы əйел мен 1970 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазір кезде осы оқиғаға байланысты барлық материалдар ПД жолданды», - деп түсіндірді Ақмола облысының ТЖД қызметкері Думан Дəлешов.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт төсекте темекі шеккеннен шыққан жəне көз жұмғандар - әпкесі мен інісі болып шықты.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: