Үндістанда 65 жастағы әйел екінші рет ана атанды

Үндістанда 65 жастағы әйел екінші рет ана атанды

24.kz

Үндістанда 65 жастағы әйел екінші рет ана атанды.Оның баласы сау болып дүниеге келді, деп хабарлайды Daily Mail.Айта кетейік, бұдан бұрын 2016 жылы 72 жасында әйел жасанды ұрықтандыру жолымен ана атанған болатын. Ал үндістандық әйел табиғи жолмен екіқабат болып, өзі босанған.Ол 8 жыл бұрын ұл баланы дүниеге әкелген. Дәрігерлер қазіргі уақытта анасы мен баласының жағдайы жақсы екендігін айтты. Олар жақын уақытта перзентханадан шығады. Бір қызығы, баланың әкесі 80 жаста.Дәрігерлердің айтуынша, бұл сирек медицинада кездесетін құбылыс.

Поделитесь новостью:

Читайте также: