Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен сөйлесті

today.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды
Көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Астана мен Душанбе арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың дәйекті дамып келе жатқанына көңілдері толатынын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары алдағы Жаңа жыл мерекесімен бір-бірін құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: