Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көшбасшылар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Астана мен Душанбе арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың дәйекті дамып келе жатқанына көңілдері толатынын атап өтті.
Мемлекет басшылары бір-бірін алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: