Қазақстан мен Қырғызстан президенттері бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады

inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Әңгімелесу кезінде көшбасшылар екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен басымдықтарын, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болды.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: