Астанада ар адамның тілі бағанаға жабысып қалды (ВИДЕО)

Астанада ар адамның тілі бағанаға жабысып қалды (ВИДЕО)

sn.kz

Бұл оқиға бас қаладағы Тәуелсіздік даңғылында Пирамида ғимаратының аймағында болған.
Бейнежазбада темірге тілі жабысып қалған ер адам не істерін білмей тұр. Қасындағы әйелдер оның бұл әрекетіне күлген. Ал ол болса темірден тілін қалай босатып алуын сұрағандай болады.
Елордадағы Денсаулық сақтау басқармасы мен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері өздеріне мұндай келеңсіз жағдай туралы ешкімнің хабарласпағанын айтты. Соған қарағанда ер адам темірге жабысып қалған тілін өзі босатып алған болуы керек.
Оның аязды күнде мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.
Telegram-каналға
жазылып, бәрінен хабардар...

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: