Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғарғы марапатқа ие болды

Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғарғы марапатқа ие болды

24.kz

Қандасымыз, бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы Моңғолияда жоғарғы марапатқа ие болды. Бұл туралы gogo.mn моңғолиялық сайт хабарлайды. «Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығына сәйкес Баян-Өлгей аймағы Өлгей сұмынының мектеп оқушысы, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы «Алтангадас» («Темірқазық жұлдызы». Сөзбе сөз «Алтын жұлдыз» деп аударылады - Авт.) орденімен марапатталды», - делінген хабарламада.Еске сала кетсек, бүркітші Айшолпан Нұрғайып «The Eagle Huntress» атты өзі туралы деректі фильмнен кейін әлемге танылды. Оған саундтректі атақты әнші Sia жазды. Сондай-ақ Айшолпан Нұрғайыпқызына жас шағында гендерлік тосқауылды еңсергені үшін Asia Game Changer Awards 2017 сыйлығы берілген

Поделитесь новостью:

Читайте также: