Ақтөбедегі «Даму» қорының филиалы құрылыс компанияларына қолдау көрсетті

Ақтөбедегі «Даму» қорының филиалы құрылыс компанияларына қолдау көрсетті

24.kz

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасымен баспана алу едәуір жеңілдеді. Мемлекеттік бағдарламаның бір бағыты бойынша «Даму» қоры жеке құрылыс компанияларын тұрғын үй салуға ынталандыруда. Кәсіпкерлікті дамыту қорының Ақтөбедегі филиалы қазірге дейін 8 компанияға қолдау көрсетті. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады.«Боско кз» құрылыс компаниясы салған көп қабатты үй жақында пайдалануға беріледі. Қаланың орталығында орналасқан әрі сапалы салынған бұл үйден пәтер алғысы келетіндер көп. Компания екінші деңгейлі банктен несие алса, оның сыйақы мөлшерлемесін «Даму» қоры субсидиялаған. Есесіне тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесінің салымшылары  «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қолжетімді баспана алып жатыр.Тұрар Ж

Поделитесь новостью:

Читайте также: