Бразилияда Санта Клаустардың даярлық курсы ашылды

Бразилияда Санта Клаустардың даярлық курсы ашылды

24.kz

Бразилияда Санта Клаустың даярлық курсы ашылған. Жаңа жыл мен Рождество мерекесі қарсаңында, курста ине шаншар жер қалмайды.Балаларға қуаныш сыйлап, игі шаруаны атқарғысы  келетін кез-келген жан осы бір даярлық сабағына қатыса алады. Мұндай дәрістер 1976 жылдан бері жүргізіледі. Содан бері,  кәсіби САнталар мектебін талай адам бітіріп шықты. Қазір, Сантаға айналудың қыр-сырына актер Сильвио Рибейро үйретіп жүр. Себебі, нағыз Сантаға айналу үшін әртістік шеберлік қажет. Сондай-ақ, мерекелік грим жасау, балалармен әңгіме-дүкен құру, олармен қосылып ән айту мен би билеу, жалпы аяз атаға сай жүріс-тұрыстың барлығын үйрену маңызды. Бірақ ең алдымен ниет болса болғаны дейді Санталардың оқытушысы.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: