Жойылудың алдында тұрған азиялық арыстанның күшіктері алғаш рет көпшілікке көрсетілді

Жойылудың алдында тұрған азиялық арыстанның күшіктері алғаш рет көпшілікке көрсетілді

24.kz

Үндістанның Сепахиджала зообағында азиялық арыстанның үш кішкентай күшігі тұңғыш рет көпшілікке көрсетілді.Осыдан жарты жыл бұрын дүниеге келген күшіктер осы уақытқа дейін мамандардың жіті бақылауында болды. Трипури аймағындағы зообақ директорының айтуынша, оларға қауіп төнбес үшін күшіктер ата-анасынан бөлек жерде ұсталған. Себебі арыстан-әкелері күшіктерге жиі шабуыл жасайды. Оның үстіне, азиялық арыстандар жойылудың аз-ақ алдында. 19-ғасырдың соңына дейін олар Оңтүстік Еуразияда, яғни Грекиядан Үндістанға дейінгі аумақты мекендеген. Қазіргі таңда Гир қорығы аумағындағы жабайы ортада 650-і ғана өмір сүреді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: