Манчестердегі метрода жұртқа пышақ сілтеген адам ұсталды

Манчестердегі метрода жұртқа пышақ сілтеген адам ұсталды

24.kz

Ұлыбритания полициясы Манчестер қаласының метросындағы жолаушыларға шабуылды лаңкестік әрекет деп бағалады.Бұл туралы Манчестер қаласының полициясы мәлімдеді. «Виктория» станциясында жолаушыларға шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бірақ полиция 25 жастағы жігіттің аты-жөнін жарияламай отыр. Еске сала кетейік, жаңа жыл түнінде белгісіз ер адам Манчестердегі метроның бірінде пышақпен жолаушыларға шабуыл жасап, үш адамды жаралы етті. Оның екеуі егде жастағы ерлі-зайыпты да, енді біреуі полицей. Тәртіп сақшылары оқиға орынынан 2 пышақ тапты. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: