Рио-де-Жанейрода отшашуға 16 тонна пиротехника жұмсалды

Рио-де-Жанейрода отшашуға 16 тонна пиротехника жұмсалды

24.kz

Рио-де-Жанейроның Копакабана жағажайында мерекелік отшашуды тамашалауға 2 миллионнан астам адам жиналған.Туристік қаланың аспанында 10 минут бойы жалғасқан түрлі-түсті отшашуға, 16 тонна пиротехника жұмсалыпты. Сондай-ақ келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2000-ға жуық тәртіп сақшысы тартылған. Ал Мехикода жиналған мыңдаған жұрт 2019-шы жылды дәстүрлі отшашусыз қарсы алды. Оның орнына  орталық саябақта лазерлі шоу ұйымдастырылды. Билік өкілдерінің айтуынша, мемлекет қоршаған ортаны қорғау үшін биылғы жылы пиротехникадан бас тарту шешімін қабылдаған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: