Филиппинде тропикалық дауылдан қаза тапқандар саны артты

Филиппинде тропикалық дауылдан қаза тапқандар саны артты

24.kz

Филиппинде «Усман» тропикалық дауылынан кейінгі нөсер мен лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 85-ке жетті.Бұған дейін 75 тұрғынның опат болғанын хабарлағанбыз. Тағы 16 адам із-түссіз жоғалып табылмай жатыр. Табиғат апаты 45 мың адамның тұрмысына түрлі деңгейде әсер етті.  Нөсерден көптеген елді-мекенді су басқан. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, кей жерлерде су деңгейі үйдің шатырларына дейін жеткен. Қазір апат аймақтарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Билік дауылдан ел экономикасына зор шығын келгенін айтады.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: