Италиядағы жер сілкінісінен теміржол қатынасы тоқтады

Италиядағы жер сілкінісінен теміржол қатынасы тоқтады

24.kz

Италияның Аквила аймағында қаңтардың бірі күні кешкі уақытта 4 балдық жер дүмпуі сезілді. Сондай-ақ жер сілкінісі Абруцио, Лацио және Римнің кейбір аудандарында байқалды.Қазір Рим-Аквил бағыты бойынша қатынас тоқтап тұр. Әзірге зардап шеккендер жайлы ешбір ақпарат жоқ.Естеріңізге салсақ, Сицилия аймағында зілзаланың салдарынан 28 адам түрлі жарақат алған. 300-ден астам адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Италиядағы ең жойқын зілзала 2016 жылы болған еді. Ол кезде табиғи апаттан 295 адам көз жұмған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: