Трамп Ким Чен Ынмен екінші рет кездесуді көздейді

Трамп Ким Чен Ынмен екінші рет кездесуді көздейді

24.kz

АҚШ Президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуді тағатсыздана күтіп жүргенін мәлімдеді.Бұл туралы Ақ үй басшысы өзінің Твиттер парақшасына жариялаған. Бұған дейін Ким Чен Ын халыққа жолдауында Дональд Трамппен бір үстел басында келіссөз жүргізуге дайын екендігін айтқан еді.Айта кетейік, өткен жылы 2 шілде күні АҚШ пен КХДР алғаш рет жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізген еді. Ол кезде Пхеньян Корей түбегін толығымен ядролық қарусыздандыруға дайын екендігін жеткізді. Тиісінше АҚШ қос Кореяны қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге уәде етті. Дегенмен, саммитте келген келісім тек сөз жүзінде қалып қойған болатын.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: