Ақтауда бір мезетте үш автокөлік соғылды

Ақтауда бір мезетте үш автокөлік соғылды

24.kz

2 қаңтарда Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының маңында үш автокөлік соқтығысты.Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.Оқиға 2 қаңтарда таңғы 08:30-да болған. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.«Шамамен 09:00-де зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген», - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.Портал мәліметінше, жолдардың мұзтайғақ болуына байланысты көліктер соқтығысқан.

Поделитесь новостью:

Читайте также: