Ауғанстанда терактіден 5 сарбаз көз жұмды

Ауғанстанда терактіден 5 сарбаз көз жұмды

24.kz

Ауғанстанның Қандағар провинциясындағы әскери базада жарылыс болды.Ауған полициясының өкілі Ашраф Ватандостың сөзінше, жарылыс салдарынан 5 сарбаз жантәсілім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.Полицейдің сөзінше, «Талибан» қозғалысының жауынгерлері Майванд ауданындағы әскери базаның астынан қазылған тоннельге жарылғыш зат қойған. Салдарынан 5 сарбаз қаза тауып, алты жауынгер жарақат алды.Ал «Талибан» қозғалысы жарылыс құрбандары мен жараланғандар саны 35-ке жеткенін мәлімдеді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: