Маңғыстау облысында 26 балабақша салынады

Маңғыстау облысында 26 балабақша салынады

24.kz

Балалардың дүниеге келу көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы 2018 жылы еліміз бойынша көш бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».670 мың тұрғыны бар аймақта 20 мың сәби дүниеге келген. Демографиялық өсімнің артуына орай биыл аймақта 26 балабақша салынатын болды. Жергілікті билік осылайша 6 жасқа дейінгі балғандарды балабақшамен 100 процент қамтуды жоспарлап отыр.Ақтауда Жаңа жыл қарсаңында 300 балаға арналған «Өркен» балабақшасы ашылды. Мектепке дейінгі тәрбие беретін орталық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Мұнда бүлдіршіндердің бойына қазақтың мәдениеті мен дәстүрін кішкентайынан сіңіріп, ұлттық рухта тәрбиелейтін арнайы сынып жұмыс істейді. Сондай-ақ балалардың түрлі маманд

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: