Тозақ қақпасы: Ғалымдар жерасты әлемі порталының сырын тапты

"Тозақ қақпасы": Ғалымдар жерасты әлемі порталының сырын тапты

asyldin.kz

Өткен жылы Түркияда археологтар 2013 жылы тапқан «Тозақ қақпасы» аталатын көне порталдарының біріндегі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.  Көне аңызға сай осы портал арқылы кірген әрбір адам жерасты әлеміне тап болады делінген. Бұл үңгірге жақындауға тек абыздарға ғана рұқсат етілген, өйткені құрбандыққа шалуға әкелінген малдар бұл қақпадан өту барысында бірден жан тәсілім ететін болған.
Ғалымдардың анықтағанындай, аталмыш аңызда шындықтың үлесі жоқ емес. Зерттеу барысында жануарлардың улы табиғи газдан өлетіні белгілі болған.
Аталмыш қақпа көне қала Иерапольдің аумағында орналасқан. Бұл қаланың негізін салған  біздің дәуірімізге дейінгі екінші ғасырда өмір сүрген пергам патшасы II Эвмен.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: