Таиландқа теңіз дауылы жақындап келеді

Таиландқа теңіз дауылы жақындап келеді

24.kz

Таиландқа тропикалық теңіз дауылы жақындап келеді.Осыған орай жергілікті билік ескерту жариялады. Әсіресе, 3-4 қаңтар күндері дауыл Таиланд жағалауларына жетіп, бірнеше өңірде толассыз жауын жауады. Ал 5 қаңтар күні ол Сонгкхла, Паттани, Яла, Ранонг, Пхангнга, Пхукет, Краби, және Сатун провинцияларына жетеді. Сондықтан Қазақстан сыртқы істер министрлігі тай елінде демалып жатқан жерлестерімізді сақ болуға шақырады және төтенше жағдайға орын алып жатса, Таиландтағы Қазақстан елшілігіне хабарласуға кеңес береді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: