Қарағанды облысында жолда қалған 23 адам құтқарылды

Қарағанды облысында жолда қалған 23 адам құтқарылды

24.kz

Қарағанды өңірінде жолда қалған 23 адам құтқарылды.Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, бүгін тоғыздар шамасында Жаңаарқа ауданында «Қызылорда-Павлодар» бағытындағы жолда, Ақтүбек ауылынан 40 шақырым жерде «Sanos» маркалы жолаушылар автобусы бұзылып қалған. Ондағы 23 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Төтенше жағдайлар комитетінің «Ақтүбек» тасжолындағы медициналық-құтқару бекетінің мамандары құтқарды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: