Мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтерілді

Мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтерілді

24.kz

Әлемнің ірі тауар биржаларындағы сауда нәтижесінде мұнайдың әлемдік бағасы қайта көтерілді.Лондон және Нью-Йорк қор биржаларындағы саудада «Brent» маркалы мұнай бағасы 2,07 пайызға артып, 1 баррелі 55 доллар 23 центке жетті. Ал «WTI» маркалы мұнай бағасы 3 пайызға өсіп, 46 доллар 76 цент болды. Бұған «Блумберг» агенттігінің Сауд Арабиясы желтоқсанда АҚШ пен Қытайға мұнайды әдейі аз жеткізген деген ақпар әсер еткен. Айта кетейік, өткен жылы «Brent»маркалы мұнай бағасы 20 пайызға, ал «WTI» мұнайы 25 пайызға төмендеген еді. Нәтижесінде желтоқсан айында ОПЕК және мұнайды эспорттаушы өзге елдер қара алтынды өндіруді күніне 1,2 миллион баррельге қысқартуға келіскен болатын.

Поделитесь новостью:

Читайте также: