Германияда 50 жастағы жүргізуші мигранттарды қасақана қаққан

Германияда 50 жастағы жүргізуші мигранттарды қасақана қаққан

24.kz

Германияның Эссен мен Ботроп қаласында көлігін мигранттарға қасақана бағыттаған жүргізушіге айып тағылды.50 жастағы азамат босқындарды өлтірмек болған. Қазір іс тергеліп жатыр. Еске сала кетейік, жаңа жылда бұл азамат өз көлігімен аталған екі қаланың көшелерінде кетіп бара жатқан бір топ босқынды қаққан болатын. Шабуылдан 8 адам жарақат алды. Жапа шеккен бір әйелдің халі мүшкіл. Полицияның мәлімдеуінше, жүргізуші ұсталған соң да мигранттарға қарсы ксенофобиялық сөздер айтқан. Алдын ала мәліметке қарағанда, оның ес-ақылында ауытқушылық бар. Алайда ол бұған дейін заң бұзып, құққық қорғау тіркеуінде тұрмаған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: