Кабулда жанармай бекеті мен тұрғын үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

Кабулда жанармай бекеті мен тұрғын үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

24.kz

Ауғанстан астанасында жанармай бекеті мен көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».Тағы 27 тұрғын жарақат алды. Оқиға түнде Кабулдың шығыс бөлігіндегі Макроян ауданында болды. Өрт алдымен жанармай бекетінде шығып, содан жақын маңдағы тұрғын үй кешеніне тараған. Куәгерлердің айтуынша, оттың тұрғын үйге қарай тез таралуына бекет жанындағы жанармай тиелген көліктің жануы түрткі болған. Бірақ өрттің өзі неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: