Ресейлік мамандар күйзелістен арылудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Ресейлік мамандар күйзелістен арылудың жаңа тәсілін ойлап тапты

24.kz

Ресейлік мамандар күйзелістен арылудың жаңа әдіс-тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».Санк-Петербургте ашылған орталық мамандары жанатпен ойнап, уақыт өткізген адамның көңілі жайланатынын айтады. Медицинада мұндай тәсіл жанатпен емдеу деп аталады. Мамандардың айтуынша, жануардың бұл түрі ашық әрі адаммен тіл табысқыш. Терапия құны сағатына 40-45 доллар.Юлия Сибирякова, Enotvill-ді ойлап табушы:- Жанатпен емдеу зоотерапияның бір бөлігі болып табылады. Бұл әзірге бейресми атауы. Себебі ғалымдар зерттеу жүргізіп, бұл емдеу тәсілінің пайдасын тескеріп жатыр. Жалпы кез келген жануармен уақыт өткізу, әсіресе жанат сияқты тіл табысқыш жануар күйзелісті жеңуге көмектеседі.

Поделитесь новостью:

Читайте также: