Германияда саясаткерлерге соқтыққан хакер қолға түсті

Германияда саясаткерлерге соқтыққан хакер қолға түсті

24.kz

Германияда жүздеген саясаткерге хакерлік шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».Бұл туралы жергілікті «Шпигель» басылымы хабарлады. Алайда қамалған азаматқа қатысты өзге мәліметтер жарияланбай отыр.Еске сала кетейік, өткен аптада хакерлер Германияның танымал саясаткерлерінің жеке мәліметтерін ғаламторға жариялағаны туралы белгілі болған. Қылмыскерлер лауазымды тұлғалардың банк картасы туралы ақпардан телефон нөмірлеріне дейін мәлім еткен. Олардың арасында Германия канцлері Ангела Меркель мен президент Франк-Вальтер Штайнмайер де бар. Хакерлерді ұстауға елдегі барлық құпия органдар жұмылдырылған еді.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: