Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – Қазгидромет

24.kz

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді.Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: