Талдықорғанда улы газдан иістенген әйел есін жинай бастады

Талдықорғанда улы газдан иістенген әйел есін жинай бастады

24.kz

Талдықорғанда улы газдан иістенген әйел есін жинай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».Ол кеше кешкілік жансақтау бөлімінен терапия бөліміне ауыстырылды. Қазір онымен штаттық психологтар жұмыс істеп жатыр.Еске сала кетейік, 9 қаңтар күні қала сыртындағы саяжайлық мекендердің бірінде бір отбасы уланып қалған болатын. Отағасы мен оның кәмілетке жетпеген екі баласы қайтыс болды. Ал әйелі өте ауыр жағдайда қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген.Қанат Әбдірахманов, қалалық көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары:- Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінен терапия бөліміне ауыстырылды. Сол жерде емін жалғастыруда. Қал-жағдайы қазір орташа ауырлықта.

Поделитесь новостью:

Читайте также: