БҚО-да қардың қалыңдығы рекордтық көрсеткішке жетті

БҚО-да қардың қалыңдығы рекордтық көрсеткішке жетті

24.kz

Батыс Қазақстан облысында биыл қыс қатты болып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».Мәселен, тек Орал қаласының өзінен қыс басталғалы бері 2 мың текше метрден астам қар шығарылған. «Аймаққа ақ ұлпаның мұндай мол көлемде түсуі рекордтық көрсеткішке жетті», - дейді мамандар. Қазір жол пайдалану кәсіпорнының барлық техникасы қар аршу жұмыстарына жұмылдырылды.Айта кету керек, облыс орталығынан шалғай аудандарда қатынас қиындап, электр желілерінің үзілгені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Дегенмен, қазір өңірдегі барлық ауылдар мен елді-мекендерге жол ашылып, жарық берілді. Ең шалғай орналасқан Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылына апаратын жол да арнайы техникалардың көмегімен аршылды.Ерсайын Қ

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: