Париждегі жарылыс: зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығы тексеріліп жатыр

Париждегі жарылыс: зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығы тексеріліп жатыр

24.kz

Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс табиғи газдан болған. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.«Бүгін 12 қаңтарда Париждің тоғызыншы аумағында қатты жарылыс болды. Француз полициясының айтуынша, жарақат алғандар бар, кем дегенде 20 адам жараланды, олардың жартысы ауыр жағдайда. Жарылыс жергілікті наубайханада болды. Алдын ала ақпарат бойынша табиғи газ жарылған. Біздің Франциядағы дипломаттар зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығын анықтап жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында.Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарылыс қаланың тоғызыншы аумағында болған. Оқиға салдарынан ғимараттар мен көліктер зақымданған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: