Францияда жарылыстан қаза тапқандар саны 3 адамға жетті

Францияда жарылыстан қаза тапқандар саны 3 адамға жетті

24.kz

Франция астанасындағы тоқаш жасайтын наубайханада болған жарылыстан 3 адам қаза тапты. Оның екеуі өрт сөндіруші. Енді біреуі Испания азаматшасы.Тағы 50-ге жуық адам жарақат алған. Олардың кейбіреуінің халі ауыр. Қазір оқиға орнында 200-ден астам өрт сөндіруші, дәрігерлер мен полицейлер жұмыс істеуде. Алдын-ала тергеуге қарағанда ғимаратта газ жарылған. Жарылыс жергілікті уақытпен таңғы сағат 9 шамасында өрт сөндірушілер газдың шығуын тоқтатуға кіріскен кезде болды. Жарылыс күшінен наубайхана орналасқан ғимараттың бірінші қабаты толықтай қирап қалды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: