Ғарышқа жаңа телескоп жеткізіледі

Ғарышқа жаңа телескоп жеткізіледі

24.kz

2021 жылға қарай «Джеймс Веб Ғарыш» телескопын ғарышқа жеткізу жоспарланып отыр. Ол жерден 1,5 миллион шақырым қашықтыққа жіберіледі.Телескоп көмегімен ғарыш кеңістігіндегі нысандарды толық көлемде бақылауға болады. Ашық кеңістікте жақын орналасқан жұлдыздар сәулесін шағылыстыру үшін телескоп арнайы алтынмен апталды. Айта кетерлігі, Джеймс Веб Ғарыш телескопы – НАСА, Еуропа және Канаданың ғарыш агенттіктері бірлесіп шығарған жоба. Осыған дейін 1990 жылы ғарышқа жіберілген НАСА-ның Хабл телескопы галактикаларды анықтап, ғарыш кеңістігінің 95 процентін зерттеген болатын. Алайда Джеймс Веб Ғарыш телескопы астрономия іліміне бұдан да зор үлесін қосуы ықтимал. Сондай-ақ галактикадағы өзге тіршіл

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: