Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыны төлеу мерзімін ұлғайту туралы мәселені көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы бүгін үкімет кулуарында вице-министр Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Ол министрліктің барлық ұсынысы мен жаңашылдығы елдің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай жүзеге асатынын айтты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттік демалыста отырған әйелдерге жәрдемақы төлеу мерзімін ұлғайту туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Белгілі бір есептеулермен республикалық бюджеттік комиссияға...