Грекияда тұңғыш рет әйел президент сайланды
Грекия президенті болып Екатерина Сакелларопулу сайланды. Ол бұған дейін Грекияның жоғарғы әкімшілік соты – мемлекеттік кеңес төрағасы болған. Осылайша, Грекия мемлекетін тұңғыш рет әйел басқарады. Дауыс беру рәсімі 22 қаңтар күні парламентте өтті. Оның нәтижесінде Екатерина Сакелларопулу үшін 300 депутаттың 260-тан астамы дауыс берді. Бұл дауыс саны президент боп сайлану үшін жеткілікті. Грекия заңы бойынша, мемлекет басшысын парламент премьер-министрдің ұсынысы бойынша бес жыл мерзімге сайлайды. Фракциялар да өз үміткерлерін ұсына алады. Регламентте президенттікке үміткерді талқылау қарастырылмаған. Грекияның қазіргі басшысы Прокопис Павлопулостың өкілеттік мерзімі 13 наурызда аяқталады.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 сәуір 2026
5 сәуір 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар