Атырауда Жайыққа батқан 16 жасар қыз құтқарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайыққа батқан 16 жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиғаның кеше, 2 маусымда кешкі сағат 17:30 шамасында болғанын растады. Атырау қаласындағы орта мектептердің бірінде 9-сыныпта оқитын қызды «Балықшы» шағынауданында жергілікті екі ер адам құтқарып қалды. «Оқушы қыз ағыспен Жайық өзенінің ортасына дейін ағып кеткен. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқушы қызды ата-анасына тапсырып, қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
2 шілде 2025
2 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар