Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Лукашенко Беларусь Үкіметін отставкаға жіберді

inform.kz

Лукашенко Беларусь Үкіметін отставкаға жіберді

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусь Президенті Александр Лукашенко іс басындағы Үкімет құрамын отставкаға жіберу шешімін қабылдады. Бұл туралы БЕЛТА агенттігіне ақпаратты Президенттің баспасөз қызметі де растап, А.Лукашенконың тиісті Қаулысы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енетінін мәлім еткен. Беларусь Үкіметінің жаңа құрамын жасақтау мәселесі 3 маусым күні таңертең А.Лукашенконың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланған. Оған Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова, Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко, Президент Әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенко және Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Андрей Равков қатысты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024