Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шет мемлекеттер басшылары Елбасын туған күнімен құттықтады

inform.kz

Шет мемлекеттер басшылары Елбасын туған күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан келіп жатқан құттықтау хаттар легі жалғасуда. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өз жеделхатында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеген. «Сіз Қазақстан Республикасының негізін қаладыңыз және өз халқыңыздың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген ұлт көшбасшысыз. Өзіңізбен бірге Қытай-Қазақстан қатынастарының игілігі жолында иық тіресіп жұмыс істеген кездерді жиі еске аламын. Екі ел ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесіңізді жоғары бағалаймын. Сіз әрдайым менің жақсы досым болып қала бересіз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024