Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алтай басқаратын қалада 6 мың адам індет жұқтырған

baq.kz

Алтай басқаратын қалада 6 мың адам індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 6 мыңға жуық адам індет жұқтырған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты. Елордада коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 5984-ке жетті. Олардың 54 пайызы жазылып шықты (3248 адам). Өкінішке қарай, 61 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарлар саны көбейтіліп жатыр. Президент тапсырмасына сәйкес, стационарлардағы орындар ұлғайтылды. Мысалы, КВИ карантині басталған уақытта тек қана үш стационар болып, мыңға жуық орын болса, қазіргі уақытта біз стационарлар санын 13-ке көбейттік немесе 3 700-ден астам орын бар. Бірақ оның 87 пайызы толған. Онда дәрігерлер азаматтарды емдеп жатыр, - деді Алтай Көлгінов
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024