Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұр-Сұлтанда карантиннің қандай жағдайда созылуы мүмкін екені белгілі болды

aikyn.kz

Нұр-Сұлтанда карантиннің қандай жағдайда созылуы мүмкін екені белгілі болды

Нұр-Сұлтанда карантиннің қандай жағдайда созылуы мүмкін екені белгілі болды. Бұл туралы журналистерге брифинг өткізген қала әкімі Алтай Көлгнов айтты. «Карантиннің созылу-созылмауы өзімізге байланысты. Бұған дейін елде төтенше жағдай жарияланып, қатаң карантин режимі енгізілген болатын. Ол көмектесті. 11 мамырдан бастап карантинді жеңілдеткен еді, халық еркінсіп кетті. Соның салдарынан вирус жұқтырғандар саны күрт артты. Біз енді бұл қателікті қайталамауымыз керек», – деді Алтай Көлгінов. Айта кетейік, Қазақстанда 5 шілдеден бастап екі апталық карантин жарияланған болатын. Қазір елімізде 49 683 адам коронавирус жұқтырған. 16 298 науқас дертінен айықса, 264 адам қайтыс болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024