Алматы тұрғыны ХҚКО-да босанып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Жетісу ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығына келген әйелдің бірі сол жерде босанды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеуге тұру үшін алдын ала жазылу арқылы келген. Танысының үйіне тіркеуге тұру үшін сағат 12.00-ге талон алды. Арада 10 минут өткенде толғағы басталды. ХҚКО басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейтбеков әйелді дереу өз кабинетіне апарып, жедел жәрдемді шақырды. Алайда, келген жедел жәрдем дәрігерлері әйелді перзентханаға апаруға тым кеш екенін байқап, сол жерде босандырды, - дейді Мұрат Жұмабай.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
25 сәуір 2024
25 сәуір 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар